Елімізде тұрғындар жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнын талқылауға қатыса алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының мәліметінше, қоғамдық талқылау биыл 12 ақпанда басталған.
Talkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері пікір білдіре алады. Жаңадан әзірленген оқулықтар мынадай:
3-сынып «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Орыс тілі» (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);
3, 9-11 сыныптар үшін «Неміс тілі»;
5-9 сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқулықтары қағаз нұсқада;
3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» (Цифровая грамотность) пәні бойынша электронды оқулықтар.
Қоғамдық талқылауға әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар қатыса алады. Ол үшін келесі қадамдарды орындау керек:
Веб-порталда тіркелу,
Оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу;
«Түсініктеме қосу» тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікір, ұсыныс пен ескерту жазу.
Қызықты жаңалықтарды көру үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<