Қазақстандықтар енді жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді аударғанын тексере алады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді.
Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңін қарауға болады.
Деректерге қолжеткізу үшін электрон цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.
Деректерді қарау үшін «салық әмияны», «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.
Бастапқы кезеңде, жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, жеке тұлғалар деректерді қарай алады.
Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.
МКК E-Salyq Azamat тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болатынын еске салады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<