Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 536 шетел азаматы еңбек ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің ақпаратынша, еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
- Қытай – 4 011 адам (29,6%),
- Өзбекстан – 1 577 адам (11,6%),
- Үндістан – 1 187 адам (8,7%),
- Түркия – 1 058 адам (7,8%).
Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға арналған рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 605 рұқсат (бірінші санат),
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 793 рұқсат (екінші санат).
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<