Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

671

0

Қазақстанның кей өңірінде ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту жарияланды. Бірқатар облыста тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер мәліметінше, ертең Шымкентте тұман күтіледі. Қызылорда облысының тұрғындарына жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады деп ескертілді. Солтүстік Қазақстан облысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.

Ал Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарында тұман түседі. Мамандар мәліметінше, Өскемен, Риддер қаласында қолайсыз ауа райы сақталады.