Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

461

0

Сурет: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада және Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысынан, солтүстігінен және батысынан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында таңертең және күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Жолдарда көктайғақ бар.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болуы мүмкін.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында байқалады, екпіні 23 м/с. Көкшетауда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінен солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<