Қазақстанның көптеген өңірлерінде табиғи газ арзандады

951

0

Фото: ашық дереккөз

ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) еліміздің барлық газдандырылған өңірлері бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасына сараптама жүргізуге бастамашылық жасады.

Мәселен, 2021 жылғы қыркүйек айының соңында «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ы Тарифтік ведомствосының сұрауы бойынша бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар ұсынған болатын. Баға сараптамасы аясында, ТМРК ұсынылған материалдарға мұқият талдау жүргізді, сондай-ақ «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ы қосымша ұсынған материалдарды зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар мнистрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, баға сараптамасын қарау қорытындысы бойынша, Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның елдің барлық газдандырылған өңірлеріне жабдықтау үстемесін 15% – дан (Шығыс Қазақстан облысы) 50,63% – ға (Атырау облысы) дейін төмендетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда табиғи газбен жабдықтау саласындағы бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу Энергетика министрлігі мен ҚР ҰЭМ ТМРК-ы арасында бөлінген. Табиғи газдың түпкілікті бағасына 70-80% Энергетика министрлігі бекітетін көтерме бағаға тәуелді, ал табиғи газ бағасының қалған бөлігі газды тасымалдау қызметінен және өткізу шығындардан (жабдықтау үстемесі) тұрады. Жабдықтау үстемесінің деңгейін төмендету бөлігінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде, ТМРК көптеген өңірлерде тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті шекті бағаларын 0,34% – дан 38,96% – ға дейін төмендетуге қол жеткізді.

Мысалы, ең төмен баға Атырау облысында тіркелді. Мұнда төмендеу 38,96% – ды құрады, ал жоғары баға жақында ғана тұтынушылар тауарлық газға қосылған Қарағанды облысында болды. Мұндай газдың арзаднау көрсеткіші 0,34%. Төмендетілген бағалар 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап әрекет етеді.

Айта кету керек, табиғи газ бағасының төмендеуі жекелеген коммуналдық қызметтерге мультипликативті әсер етеді.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<