Қазақтың тоғызқұмалағы Қытайда үздік ұлттық спорт атанды

69

0

Фото: ашық дереккөз

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында тоғызқұмалақ бәсекесі жалғасуда. Осы орайда Kazinform тілшісі Қытай тоғызқұмалақ спорты арнайы комитетінің төрағасы Тоқтарбек Мұхаметқалиді әңгімеге тартты. 

тоғызқұмалақ
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform

— Астанаға қош келдіңіз. Қытайдағы тоғызқұмалақ спортының жай-күйі туралы айта кетсеңіз.

— Тоғызқұмалақ ойыны Қытайда біршама танымал. 2015 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономия өлкесінде Шахмат түрлері қоғамына қарасты тоғызқұмалақ спорты арнайы комитеті құрылды. Бұл қадам осы интелтектуалды ойынның Қытайда дамуына айтарлықтай серпін берді. 2016 жылы тоғызқұмалақ ойыны Үрімжі қалалық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді. Ал 2022 жылы Қытайдың үздік ұлттық спорт түрі болып бағаланды.

қытай
Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан

— Қытай елінде тоғызқұмалақтан жарыстар өткізіле ме?

— Әрине! Өлке, облыс және қалалық деңгейдегі сайыстар өткізіп отырамыз. Мысалға айтар болсақ, өткен жылы Алтай қаласында өткен ШҰАӨ-ның Х ұлттық спорт жарысы аясындағы тоғызқұмалақ бәсекесіне 8 командадан 48 адам өзара мықтыны анықтады. Ал осы жылы ШҰАӨ-ның І интелектуалды спорт жарысы және Ақсай Қазақ автономиялы ауданының 70 жылдық мерей тойы аясында тоғызқұмалақтан бәсекелер өткізілді. 

тоғызқұмалақ
Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан

Сонымен қатар, Қытайдағы Қазақ автономия ауданының үш тоғызқұмалақ турнирін және Боро-Тала-Моңғол автономия облысында тоғызқұмалақ ашық турнирін сәтті өткіздік.

— Өте керемет! Қытай тоғызқұмалақ спорты арнайы көмитетіті қазіргі уақытта қандай жұмыстар атқаруда?

— Комитетіміз жарыстың өткізілуіне және ойыншыларымызды халықаралық додаларға қатыстыруға жауапты. Сондай-ақ, жергілікті үкіметтің қолдауы арқасында тоғызқұмалақ жарысының төрешілер курсын өткізіп отырамыз. Барлық жарыс тоғызқұмалақ спортының бекітілген халқаралық ережесіне сай өткізіледі. Қазіргі уақытта тоғызқұмалақшыларымыз әртүрлі халықаралық жарыстарға белсенді қатысып жүр. Астанадағы көшпенділер ойыны тоғызқұмалақ, Овари және Мангала жарысына Қытайдан 8 спортшы келді.

а
Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тоғызқұмалақ бәсекесі Астана қаласындағы «Думан» қонақ үйінде өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеде әлемнің 41 елінен келген 114 спортшы жүлдеге таласып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<