«ҚазГерМұнай»БК» ЖШС 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

768

0

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қызылорда облыстық прокуратурасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарымен бірлесіп, «ҚазГерМұнай»БК» ЖШС қатысты жүргізілген тексеру нәтижесінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану заң бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, 2021 жылы Қызылорда облысы және оңтүстік макро өңір аумағында «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу кезіндемонополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұрумен айналысқан.

Нәтижесінде, Қызылорда облыстық сотының қаулысына сәйкес «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-і Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танылып, 126,6 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған –881,4 миллион теңге монополиялық табысы мемлекет пайдасына тәркіленді.

«ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-і тарапынан соттың санкциясында көзделген әкімшілік айыппұлжәне монополиялық табыс өз еркімен мемлекет бюджетіне төленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<