ҚАЖ қызметкерлері Конституция  күні атап өтті.

627

0

Конституция күні – халқымыз үшін ең қастерлі, ең ұлық мереке. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 27жыл толып отыр. Соған орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде мерекелік шара өтті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.

Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы мерекемен құттықтап, Ата заңның тәуелсіз Қазақстан тарихында алар орнының ерекше екендігін атап өтті. Шарада ҚАЖ департаментінің заң тобының бас маманы Бақытжан Әбдиев еліміздің бас құжатының қабылданған күнінен бастап соңғы өзгерістер мен толықтырулары туралы баяндама жасады. Шара барысында Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына елеулі үлес қосып, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер ҚР ІІМ-нің, ҚАЖ комитетінің, ҚАЖ департаменті бастығының бұйрықтарымен марапатқа ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<