Тіл саясатының бағыт-бағдарын айқындауда, тілдік ахуалды болжап бағалауда ҚАЗТЕСТ-тің алатын орны ерекше.
Осы ретте, 2023 жылдың 1-2 қарашасы күндері Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы республикалық Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп облыстың мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне, барлығы 140 адамға ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізді.
Тестілеу жұмысы 5 бөліктен тұрды. Тыңдалым бөлімінде диалогтар мен монологтарды есту арқылы түсінгенін, лексика-грамматикалық бөлімінде грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған, оқылым бөлімінде әртүрлі мазмұнды, түрлі стильдегі мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар берілсе, жазылым бөлімінде тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты диктант, мазмұндама және эссе жазу тапсырмасы, айтылым бөлігінде ауызша тапсырма беру, сөйлеу әрекеті бағытында болды.
Тестілеу жұмысының қорытындысымен В1 (орта), В2 (ортадан жоғары), С1 (жоғары) деңгейлер бойынша шекті мәндегі көрсеткіш көрсеткен қызметкерлерге сертификат беріледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<