ҚХА депутаттық тобының мүшесі Қызылорда облысына келді

704

0

20-21 желтоқсан аралығында Қызылорда облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі М.М.Төлепберген Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іссапармен келді.

Іссапар Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылынан басталды. М.М. Төлепберген Цай Ден Хак атындағы мұражаймен танысып, ауылдық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар, «Достық жер МК» ЖШС-нің қырман жұмысымен танысып, ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті.

ІІІ Интернационал ауылынан кейін депутат сапары Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында жалғасты. Ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

21 желтоқсан күнгі жұмыс барысын халық қалаулысы Қызылорда қаласындағы Ж. Нұрманов атындағы №198 мектеп-лицейімен танысудан бастап, Достық үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының құрылым басшылары мен этномәдени бірлестік жетекшілері, дін және БАҚ өкілдерімен кездесумен жалғастырды.

Кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Ж.Казбекова ашып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарына тоқталып, халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі М.М.Төлепберген жиын барысында мемлекеттік этносаясат мәселелері туралы айтып, кездесу соңында бірқатар азаматтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<