Қоғам дамуының басымдықтарын айқындаған

4

0

Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалында партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесуде филиал төрағасының орынбасары Арайлым Байжігітова негізгі заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар ел дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға ықпал ететінін жеткізді.

– Бұл құжат мемлекеттің стратегия­лық даму бағытын, саяси жүйенің сипатын және қоғамдық дамудың басымдықтарын айқындайтын ма­ңызды негіз болмақ. Қазақстан Ха­лық партиясы Конституциялық ко­мис­сия ұсынған жаңа Конституция жобасын толық қолдайды. Біз бұл құжатты Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаевтың саяси реформалар бағдарламасын іске асырудағы және Әділетті Қазақстанды құру жолын­дағы заңды әрі күтілген кезең ретінде бағалаймыз, – деді ол.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқы­тушылары Талғат Телеубаев, Жадыра Шүкенова, «Болашақ» университеті құқықтану және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Айгүл Әбдікерова жаңа Конституция жобасы  халық талқысынан туғанын атап өтті.

Басқосуда партияның конститу­циялық реформаларға қатысты ұста­нымдары, саяси жаңғыру жолындағы бастамалары мен алдағы кезеңге ар­налған жоспары таныстырылды. Кез­десу барысында партия активі ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы»