Кәсіптің несібесі ортаймайды

297

0

Мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Ол жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады.

Ресми деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 6,4%-ға ұлғайып, қаңтар және наурыз айында 232,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 120,6%-ды құрады.

Ал, қазан айындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 119,2%-ға ұлғайып, 67 785 бірлікті құрады. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 123,9%-ға ұлғайып, 62 695 бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 13,4%-ға жетіп, 59,5 млрд. теңгені құрады. Орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 2,9%-ды құрап,  12,8 млрд. теңгеге жетті.

Кәсіпкерлік субъектілерінің қаражаттарға қолжетімділілігін қамтамасыз етуге Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 317,9 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: субсидиялауға 2859,6 млн.теңге,кепілдендіруге 2338,3 млн.теңге, гранттық қаржыландыруға 120 млн.теңге қаралды.

Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері несие портфелінің 16,5 млрд.теңгені құрайтын 935 жобасы субсидияланып, 991 жобаға кепілдік берілді.

Мемлекеттік грант беру конкурсы ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтіп, конкурсқа 673 кәсіпкер 3 млрд. теңгеден астам сомаға өтінім берді. Конкурс нәтижесімен 26 кәсіпкердің жобасына 92,6 млн. теңге грант беру мақұлданды.

Өңірде ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруді іске асыратын «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы 928,5 млн. теңгеге 145 жобаны қаржыландырды. Бұдан өзге, «Аграрлық несие корпорациясы» биылғы жылға 9 млрд. теңге шамасында қаржы қарап, бүгінгі күні 8,3 млрд. теңгеге 496 жоба қаржыландырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<