Қоғам сенімін туғызу – мемлекеттік қызметкердің міндеті

666

0

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.

Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.

Осы тұрғыда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінде әдеп жөніндегі уәкіл жұмысы мына шараларға негізделген:

  • мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын ілгерілету (мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары);
  • қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру, оның қызмет тиімділігін арттыру.

Әдеп жөніндегі уәкіл жүктелген функциялар шеңберінде жеке кеңестер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізеді, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау жүргізеді, азаматтық қоғам институттарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара жұмыс жасайды, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурстық комиссияның құрамына қатысады және т. б.

Мемлекеттік қызметшілер арасында Мемлекеттік қызмет туралы заңнама, Әдептілік кодекс талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша шаралар аясында  мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің Әдеп және мінез-құлық нормалары» талқыланып, қалта кітапшалары тапсырылды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымдағы оң ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан  2 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2020 жылдың басында анонимді сауалнама жүргізіп, жалпы моральдық жағдайдың қалыпты екені анықталды. 

Ағымдағы жылдың 5 айында департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері туралы заңнама нормаларын түсіндіру» туралы 3 құқықтық оқытулар жүргізілді.

         2020 жылы Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жеке қабылдауымда 4 қызметкер болып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға, әдеп нормаларына тү­сіндірме сұрады. Бұдан басқа, 3 кент тұрғындарымен әдеп және жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы кездесіп, жеке қабылдау өткізілді. 

Сонымен қатар, қызметшілердің әдеп кодексі талаптарының сақталуына ай сайын ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының мәліметі бойынша және әлеуметтік желілерге талдау жүргізіліп тұрады. Департамент қызметкерлерінің жұмысына не болмаса жалпы департамент жұмысына наразылықтарын айту үшін баршаға көрінетін жерге уәкілдің суретімен ол туралы толық ақпарат орналастырылды. Одан бөлек, артық жұмыс істеу фактілерін алдын алу мақсатында жұмыс аяғында профилактикалық шаралар жүргізілді.

Ғ.МАХАНОВ,

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

облыс бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі .

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<