Қоғам және бала

1225

0

Бүгінгі таңда балаларды жете білу, олардың ішкі дүниесін түсіну, өте маңызды мәселеге айналып отыр.

Қоғам қойып отырған тұтас талаптармен бірге тәрбиеші не мұғалім өзінің іс-әрекетін қоршаған адамдарға: басшылығына, қызметтестеріне, оқушыларға, олардың ата-аналарына сәйкес бағыттап, қызмет жасалмаса болмайды.

Өйткені, жылдам өзгеріп отыратын педагогикалық ситуация жағдайында тәрбиешінің міндеті – бағдар ала білу, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалау және қажетті тәрбиелік мәні бар дұрыс шешім қабылдау. Егер балалардың  қылықтарын дұрыс қабылдап және бағалап, оларды тудырған себептерді терең көре біліп қана қоймай, сонымен бірге өз бойында ұстамдылық, салмақтылық, шыдамдылық, сезімталдылық сияқты мінез-құлық белгілерін дамытып отырса, бұл өз қызметінде сөзсіз сәттілікке әкеледі.

Нұргүл РАХИМОВА,

«Сәулет» жеке балабақшасының  меңгерушісі-психолог