«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашадағы № 383-V Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің № 69 бұйрығына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсөткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 30 адамнан тұрады.
Осы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлауүшін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан ұсыныстар 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін сағат 19:00-ге дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 1.
№ 227 бөлме, байланыс телефоны – 605401,
электрондық мекен-жай: kyz_oblmaslikhat@mail.kz
Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00 – 15:00-ге дейін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Қызылорда облысында тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
- сотталғандығы болмауы;
- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;
- психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
жөніндегі жұмысшы тобы





