Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған семинар

1020

0

«Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында 15-17 тамыз аралығында «Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы рөлі мен қызметінің тиімділігін арттыру» бойынша қалалық, аудандық қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған көшпелі оқыту семинары өтті.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізілген шара «Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы қызметі мен рөлін және тиімділігін арттыру» тақырыбында өрбіп, оған қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері қатысты. Оқыту семинарының тренері Нұрхан Жәлиев қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар мониторингті ұйымдастыру және жүргізу, жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдау туралы өзгертілген заң аясында түсіндірме берді. Қоғамдық кеңестің құрылу тарихына да тоқталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<