Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

440

0

Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытжан Сайлыбаевтың төрағалық етуімен аталған кеңестің кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңесте COVID-19 короновирус індетінің таралу кезеңінде мектеп оқушылары мен студент жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, карантиндік шектеулерге байланысты оқу процесін онлайн режиміндегі қашықтан ұйымдастырудың бүгінгі мүмкіндіктері, облыс елді мекендерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мен штаттық режимде жұмыс жасайтын шалғай елді мекендердегі шағын жинақталған мектептердің білім беру қызметін  санитарлы эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастыруға даярлығы талқыланды.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова, облыс орталығындағы университет ректорлары Бейбіткүл Кәрімова, Қуаныш Дәуренбеков, Абзал Шегенбаев хабарлама жасап, білім беру ұйымдарының ерекше жағдайда басталатын жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде сөз етті.

Онлайн режимде ұйымдастырылған бейне конференциялық жиынға қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар ҚР Білім және ғылым министірлігі Қызылорда облысы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің директоры Ғалия Дәулетова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметтерін бақылау департаментін басшысы Әлия Әбдіқайымова, қалалық және барлық аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, «Қазақтелеком», «Транстелеком» мекемелерінің өкілдері қатысты.

Жиын барысында кеңес мүшелері қашықтан оқытуда, ең бастысы әрбір елді мекен тұрғындарының  жоғары жылдамдықты, кең жолақты интернет желісіне қолжетімділігін және тұрмысы төмен, көпбалалы мұқтаж отбасының мектеп жасындағы балаларын компьютер, планшет, ноутбукпен қамтамасыз ету мәселелері төңірегінде ойларын ортаға салып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесі