Студенттер сарайында «Қоғамдық кеңестің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында 28 ұйымдастырған. Оған облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры директоры А.Айтмағанбетова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында облыстық Қоғамдық кеңестің салалық комиссияларының атаулары мен комиссия қарауына жататын жұмыс бағыттарына ішінара өзгеріс енгізу және салалық комиссиялар құрамының мүшелерінің құрамын бекіту және де Қоғамдық кеңестің салалық комиссиялары негізінде кеңестің ағымдағы жылдық жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.





