Қоғамдық көлік қызметі бақылауда

502

0

17 тамыз күні қала әкімінің тапсырмасымен қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, Қызылордалықтардың қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, өткен жылы «Қызылорда Автобус паркіне» «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алынды. Сондай-ақ, бұрын қолданыста болған үлкен сыйымдылықтағы көліктердің 40 данасы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, қосымша бағыттарға қосылды. 2022 жылы Серіктестік 5 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырған. Ал, 2023 жылы бұл көрсеткіш артып, 18 бағытта қызмет көрсетуде. Олар: №1, №3, №10, №11, №12, №14, №15, №16, №17, №18, №19, №20, №22, №25, №28, №29, №30, №31 және қосымша жүктелген «Ягодка», «ПМК-29» саяжайы бойынша қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта қоғамдық көліктер санын арттыру бағытында өңір басшысының қолдауымен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы лизингке қосымша 150 дана үлкен сыйымлықтағы автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, “Қызылорда” автобус паркі” ЖШС қарасты үлкен сыйымдылықтағы автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға, ересектермен оқушылар үшін QR-кітап оқуға қолайлы жағдайлар жасалған. Ал автобустардың келуін «2ГИС» және “ЯНДЕКС GO” ұялы қосымшалары арқылы бақылауға мүмкіндік бар.

Мұның барлығы қоғамдық көлікпен қатынайтын қала тұрғындары үшін қолға алынған игілікті істер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<