Қоғамдық көлік тазалықшыларға тегін

576

0

Өткен аптада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жеке қабылдауында болған қала тұрғыны, 18 жылдан бері «Қызылорда тазалығы» мекемесінде қызмет атқаратын Гүлайым Қарғабаева жұмысшылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы өтінішін жеткізген еді.

Облыс басшысы қысы-жазы ауа райының қатал мінезіне мойымай, күні-түні қызмет жасап жүрген тазалықшылардың еңбегі жоғары екенін айтып, қала әкіміне олардың 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте тегін жүруіне жағдай жасауды тапсырды.

Кеше қала әкімі Асылбек Шәменов «Қызылорда тазалығы» мекемесіне барып, қызметкерлеріне уәде етілген тегін жол жүру билеттерін табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<