Қоғамдық орында былапыт сөйлегендерге айыппұл ұлғайды

624

0

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда қоғамдық орында былапыт сөз айтқандардың әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылып, айыппұл не қамауға алу түрінде жаза көбеюі мүмкін. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жаңа редакциясында қоғамдық орындарда былапыт сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметпен қарамайтын, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады», – деді Құрымбаев брифингте.

Оның сөзінше, бүгінде ұсақ бұзақылыққа 5 АЕК – 17 250 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау түріндегі жаза тағайындалады. Ал жаңа редакция бойынша, айыппұл 20 АЕК – 69 мың теңге және 5-30 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады.

Түзетулер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<