Қоғамдық қордың қолдауы

331

0

Педагогика мамандығы бойынша білім алушыларға бағыт беретін республикалық «Ыбырай» қоғамдық қоры 2020 жылы құрылған. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық студентке тереңдетілген білім беріп, педагогика саласының мамандарын даярлауға өзіндік үлес қосуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ыбырай» қоғамдық қорының директоры Нұрбек Серікбаев қордың негізгі мақсатын түсіндірді.

– Мақсат – үздік педагогтарды даярлау, құрылғанда 34 студентпен бастаған едік. Ерекшелігі тек қана Қызылорда облысынан емес, еліміздің түкпір-түкпірінен білім алушыларды қабылдайды. Алдағы уақытта жұмысты одан әрі дамытып, білімді педагог санын көбейтуді жоспарлап отырмыз, – деді Нұрбек Досболұлы.

Жақында  қоғамдық қордың ұйымдастыруымен үздік студенттер арасында «Жыл студенті – 2023» конкурсы өткен болатын. Байқауда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті Талшын Әділбек жеңімпаз атанды.

– Мен ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығында білім аламын. Университеттегі базалық білімнен бөлек, өзімді жетілдіріп жүрмін. Онда 4 бағыт бойынша үздік ұстаздардан білім аламыз, белсенді болуға тырысамыз. Жақында өткен байқауда озат атанып, ноутбук ұтып алдым, – деді студент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<