Қоғамдық тәртіпті сақтамаған

828

0

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аймағында яғни Шиелі станциясында №77 Алматы-Маңғыстау жолаушы поезының №2 вагон, №39 орынға Шиелі ауданы, Бестам ауылы, Алтынсарин көшесі №3 үй тұрғыны 51 жастағы  А. есімді жолаушы азамат алкогольді өнім арақ ішімдігін ішіп алған  қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей масаң күйде келгені үшін Шиелі станциясында поезд бастығының кесімімен поезға отырғызылмаған. Осы дерекпен құқықбұзушы А. әкімшілік құқық бұзушылық дерегімен, яғни  ҚР ӘҚБтК-нің 440 быбымен хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бөлімше қызметкерлерімен алдын алу жұмыстары өткізіліп жатыр.

Еділбек Керімбеков,

Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің

Патрульдік полиция тобының полицейі   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<