Қоғамның болашағы – біздің қолымызда

493

0

Құрметті достар!

Есірткі – бұл біздің қоғамымыздың тұтастығын бұзып, ұрпағымыздың болашағына қатер төндіретін қасірет. Осы орайда, есірткіге қарсы күрес – әрбір адамның міндеті, себебі бұл күрес қоғамның, ұлттың болашағы үшін маңызды.

Есірткі – адамды ішкі құлдыққа, тұңғиыққа батыратын сұмдық күш. Оның құрсауында жүрген адамның өмірі – шырмалған арқанға байланған құс секілді, қанаттары болса да ұшуға шамасы келмейді. Есірткі өз құрбандарын жап-жарық әлемнен қараңғылыққа алып кетеді. Бұл – тек бір адамның тағдыры емес, бүтіндей бір ұлттың болашағы мен қоғамның тыныштығы үшін үлкен қауіп. Есірткіге тәуелділік адамды бір сәтте айналасындағы барлық жақсылықтардан, жарқын болашақтан алыстатады.

Есірткіге қарсы күрес – бұл тек мемлекет пен құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбіріміздің жеке міндетіміз. Себебі бұл күрес қоғамның, ұлттың болашағы үшін маңызды.

Жастар – болашақтың сәулесі, олар – қоғамның тірегі. Есірткіге қарсы күрес – бұл жастардың сау әрі бақытты болашағын қамтамасыз ету үшін бірге әрекет етуіміз керек. Құрметті достар, бүгінгі таңда есірткі – біздің ұрпағымыздың болашағына қатер төндіретін ең үлкен қасірет. Сол үшін әрбір адам есірткіге қарсы күреске атсалысып, жан-жақты сауатты, денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуы тиіс.

Есірткіге жол жоқ! Жанымызды, болашағымызды қорғау үшін бірігіп күресейік!

                   Есірткі – от, жанып жанды жалмап алар

                   Түтінін жұтсаң, өміріңе қауіп  алар

                   Ол –қасірет, жүректі өртеп салар

                   Есірткіден аулақ бол, сақтап қорған

 Тәжібаев Нариман

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

 46 мектеп-лицейі   8- сынып оқушысы