Қолөнерден өнеркәсіпке

683

0

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен қолөнер шебері Садықов Пахриддин Шәмшідінұлының «Қолөнерден өнеркәсіпке» атты көрменің ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, халық арасында кеңінен насихаттау. Бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту. Келешек ұрпақты шығармашылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Көрмеге Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Қазақстан Суретшілер, Қолөнершілер одағының мүшесі Жәнібек Маханбетов және халық ақыны Манап Көкеновтің інісі Құттықожа Көкенов, Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сыздықов, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкері Перизат Құрманәліқызы және Қазақстан Қолөнершілер, суретшілер одағының мүшелері, өнер иелері, туыстары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен аудан қала тұрғындары қатысты.

Аталған көрмеге 40-тан аса кәдесый, ағаш бұйымдары қойылды. Ағаштан небір мүсін, оюлап-өрнектеп жиһаз жасайтын айтулы шебер «қобыз-діліміз, домбыра-тіліміз, шаңырақ-дініміз» деп осы үшеуін де қастерлеп мүсіндеген.

Қолөнерден өнеркәсіпке

Пахриддин Шәмшідінұлы кемел шағында, алдағы уақытта халқын өрісті өнерімен қуанта берері сөзсіз. Халқымыздың көне дәуірден келе жатқан дәстүрлі қолөнері – мүйіз, тері, ағаш өңдеп іске жарату кәсібімен айналысады. Шебердің өнегелі өнері кемелдене келе халықтың сұраныстарына орай ағаштан үй жиһаздарын жасайтын болды. Өнері кәсіпкерлікке айналды.Пахриддин Садықов 1967 жылы Жаңақорған ауданы Манап Көкенов атындағы ауылда дүниеге келген. 1974 жылы №160 Талап орта мектебінің табалдырығын аттап, 1982 жылы мектепті бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін аудан орталығындағы №17 кәсіптік училищеге түседі. 1990 жылдардан бастап түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып келеді. Көрме ақпан айының 20-на дейін келушілерге қызмет көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<