Қолөнершілер облыс орталығында бас қосты

1494

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру және өңіріміздің этнотуристік әлеуетін дамыту мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы облыстық білім, мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесіп «Қолөнер – асыл қазына» атты көрме-фестивалін ұйымдастырды.

Шараға Қызылорда облысының қылқалам және қолөнер шеберлері, облыстағы қоғамдық қорлардың өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жоғары оқу орындарының студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Көрмені облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықова ашып, халқымыздың қолөнерін ғасырдан-ғасырға жеткізіп келе жатқан өнер иелеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.

Аталған шараның негізгі мақсаты – ұлттық өнеріміздің жас ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік маңызын айқындау. Мәдениет пен туризмнің тарихи эволюциялық жолдарының бірегейлігін, жаңа әдістерінің ортақтығын анықтай отырып, өңіріміздегі этнотуризмнің дамуына өзіндік үлес қосу. Фестивальге қатысушы өнер иелері қоғамдағы құндылықтардың алар орны, маңызы, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттері, ұлттық дәстүріміз бен мәдени мұраларымыз туралы терең ой қозғады.

Сондай-ақ, қолөнер шеберлері жас буынға шеберлік сағатын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында ұлттық өнеріміздің дамуына үлес қосып жүрген қолөнершілер облыс әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<