Қолтаңбаны қосымшадан алыңыз

775

0

Енді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында орталық операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.

Бұған дейін компьютері жоқ қазақстандықтарға аталған қажеттілікті алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келетін. Осыған орай орталық мамандары халықтың өтінішіне назар аударды. Нәтижесінде Мемлекеттік корпорация жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін енгізді. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Одан кейін оператордың қосылуын күтіңіз. Ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.

Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік нысандардың техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау қызметін пайдалануға болады. Оған қоса жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады. Қосымшаны Google Play және App Store онлайн-дүкендерден жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Топтаманы әзірлеген Әділжан ҮМБЕТ, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<