Қонақ боп келген үйді үптеп кетті

647

0

Қармақшы аудандық полиция бөліміне кеше аудан тұрғыны үйінен жарты миллион ақшасы қолды болғаны туралы арызданған.

Жедел тергеу шарасы барысында күдікті үйіне қонаққа келген танысы боп шықты. Ол үй иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, түнде шкаф ішінен ақшасын ұрлаған. 1989 жылы туған күдікті азаматша көрші ауылдан келген. Ол аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<