Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) ширек финалда өзбекстандық Баходир Джалоловпен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қамшыбек Қоңқабаев кеше, 7 мамырда сириялық Мохаммед Млайесті жеңіп, ширек финалға өтті. Ал Баходир Джалолов аустралиялық Теремоан Джуниорды тізе бүктірді.
Қоңқабаев – Джалолов кездесуі 10 мамырға белгіленген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<