Сурет ашық дереккөз
Әнші Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаевамен алғаш танысқан сәт туралы айтты. Бұл туралы өнер иесі «Алғашқы» бағдарламасында әңгімеледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Роза Рымбаева алғашқы кездесуден-ақ ерекше қарсы алған.
«Алғаш Әли мені ертіп, үйге алып келген болатын. 2018 жылы. Қорқып, уайымдап, айтатын сөзімді ұмытып, дірілдеп келдім. Ол кісі ерекше жылулықпен құшағын жайып қарсы алды», – дейді ол.
Сонымен қатар, Ақерке Бүркітбай Роза Рымбаеваның үйінде үй күтушісі жоғын айтты.
«Мама – үйде өте керемет аспаз. Көп адам үйде үй күтушісі бар деген сияқты ойлауы мүмкін. Үй күтушісі жоқ. Әр қонағына тамақты ерекше махаббатпен дайындайды. Менің бақытым деп ойлаймын осындай отбасыға келін болып түскенім. Сахнада да, өмірде де қалай өзін ұстауды, қалай жүруді мен сол кісіден үйренемін», – дейді Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<