Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі бүгін Ақжар және Ақтөбе ауылдық округтерінде жалғасты.
Тұрғындармен өткен кездесуде аудан басшысы ауданда атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ақжар ауылында өткен жиында аудан әкімі биыл ауылда жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталатынын айта келе ауданда денсаулық сақтау саласын дамытуға әрдайым басымдық берілетінін жеткізді.
Сондай-ақ, аймақ басшысының қолдауымен Ж.Жабаев көшесін орташа жөндеуге облыстық бюджетен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Одан бөлек, ағымдағы жылы жаңа балалар ойын және спорт алаңы да салынбақ.
Сонымен қатар, электр желілерін жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейтуге және А.Құнанбаев көшесіне автомобиль жолы құрылысын жүргізу үшін сараптама қорытындысымен жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп отыр.
Ал, Ақтөбе ауылына ағымдағы жылы 4 жоба іске асырылмақ. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Т.Салқынбайұлы көшесін орташа жөндеу жұмыстары, облыстық бюджет есебінен Балжарма каналы маңындағы Мүсірбаев көшесінен №3-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен елдімекеннің кіре беріс жолы құрылысы жұмыстарына және Б.Қасқырбаев, Мүсірбаев, Сейтенов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу, сараптаманың қорытындысын алу үшін аудандық бюджет есебінен қажетті қаржы қаралып отыр.
Ақтөбе ауылында өткен халықпен кездесуден кейін аудан әкімі «Жасыл мектеп» жобасы аясында жасалған мектеп жылыжайының жұмысымен танысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<