Қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қосшыңырау ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Қала басшысы округ құрамына кіретін Абай және Досан елді-мекендеріндегі әлеуметтік нысандарда болды. Абай ауылындағы сыйымдылығы 624 оқушыға арналған №138 орта мектеп 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген. Бұл мәселеге қатысты қала әкімі жауаптыларға жоба-сметалық құжаттарын дайындап, білім басқармасы арқылы облыстық бюджетке өтінім беруді ұсынды.
Абай және Досан елді мекендерінде ауыз су мәселесі толығымен шешілген, сапасы да жоғары. Тұрғындардың ендігі сұрауы ауылдық амбулатория ішінен дәріхана ашу. Бұл ретте әкім тиісті жұмыстар жүргізіліп, алдағы уақытта түйткілдің түйіні тарқатыландығын айтты.
Ал ауылға газ тарту бойынша қазіргі уақытта құжаттарды әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатқанын жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<