Қостанайда қызылордалық құтқарушылар көмек көрсетуде

724

0

Фото: ашық дереккөз

«Бүгін – 28 наурызда сағат 11:00 минут шамасында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен Қостанай облысындағы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Шынтас фазендасынан 5 адам қайықты пайдалану арқылы құтқарылды. Сонымен бірге өрт сөндіру насосы стансасын, мотопомпаларды пайдалана отырып, 10 мың текше метр су тарту жұмысы жүргізілді. Қазіргі таңда жеке құрамда тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде», – деді Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ бастығының орынбасары Бауыржан Оспанов.

Құтқару жұмысы кезінде бірқатар Қостанайдың тұрғындары Қызылордалық құтқарушыларға алғыс айтты.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<