Қожабақы ауылында спорт кешені салынады

624

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қожабақы ауылыны ат басын бұрып, ауыл халқымен кездесті. Себеп – биылғы жылы елді мекенде атқарылатын жұмыстардың легін баяндап өту.

Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен және аймақ басшысының қолдауымен ауыл аймақтарды дамыту бойынша салынатын спорт кешенінің хабарын сүйіншілету. Одан бөлек, электр желілерінің де жаңартылатыны тағы бар. Бұған дейін ауыл халқының көтеріп келген мәселесі осы жылы жұмысын бастап, жыл аяғына дейін аяқталатын болады.

“Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында салынатын кешеннің құны – 566,355 млн.теңге болса, электр желілерін жаңарту үшін 452,8 млн.теңге республикалық бюджеттен бөлінбек.

Халықпен кездесуде мән-жайды баяндаған аудан басшысы одан да бөлек ұсыныс-пікірлерге құлақ түрді. Барлығын тыңдағаннан кейін түйткілдердің шешімі кезең-кезеңімен тарқатылатынын сөз етті.

Елді мекен жұрты ауылда атқарылатын жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылықтарын жеткізді. Сонымен қатар алда болатын жұмыстарға сәттілік тілеген ауыл ақсақалдары батасын берді.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<