ҚР Әділет вице-министрі Сыр еліне келді

540

0

Бүгін ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Іс сапар барысында вице-министр алдымен аймақтың тілшілеріне сұхбат беріп, Конституцияға енгізілген өзгерістерді баяндап өтті.

Жалпы Әділет органдары ұлттық заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға, халыққа заң қызметтерін тиімді ұсынуға, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға, атқарушылық іс жүргізуге, сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыруға қатысады. Осы ретте қазақстандықтар көптен күткен өзгерістерінің бірі – Конституциялық Сот туралы арнайы Заң күшіне енген болатын. Осыған сәйкес, Конституциялық сот өз қызметін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастайтын болады. Сонымен қатар вице-министр «Нотариат туралы» Заңға қабылдаған түзетулерге сәйкес, жылжымайтын мүлік пен мәмілені рәсімдеу барысы жеңілдейтінін хабарлады. Яғни, азаматтар мүлкі орналасқан жеріне бармай-ақ республика бойынша кез келген нотариуста рәсімдеуге мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде вице-министр Б.Молдабеков Қызылорда облысының халқымен кездесу өткізді. Кездесуде Констиутцияда көрсетілген жаңа Заңның талаптары айтылып, тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<