«Құда болмаған қай ұлт қалды»: Желіде Кореядан келген құдалар ел талқысына түсті

231

0

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желі қолданушылары Оңтүстік Кореядан келген құдаларды қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Балауса есімді TikTok қолданушысы тойдың видеосын салып, жаңа құдаларды көрсетті. 

“Кореялықтармен құда болып жатырмыз. Жумонг ханзаданың ұрпақтары”, – деп жазды автор. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, мейрамханаға билеп кірген кәрістердің іс-әрекетін талқылап жатыр. 

“Тойдың ортасында жігіттің бұрынғы қызы кіріп келіп, дорама болып кетпесін”, “Құда болмаған қай ұлт қалды?!”, “Біздің тойларымызды әбден зерттеген сияқты”, “Олардың тойы жарты сағатта бітеді, біздің 5-6 сағатымызды көріп, таңғалған шығар”, “500 адамды көріп, шошып қалды-ау”, – деп жазып жатыр көпшілік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<