Құқық бұзған шетел азаматына айыппұл салынды 

824

0

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының кызметкерлерімен №78 «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар поезның №08 вагонда Маңғыстау станциясынан Алматы станциясына дейін жол жүріп бара жатқан 1999 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны заңнамасын бұзғанын анықтаған. Аталған құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені ҚР халықтық көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқықбұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<