Құқық құрығы

536

0

Төрт пәтерге ұрлыққа түскен

Қызылордалық полицейлер 4 рет пәтерге ұрлыққа түскен, бұрын сотты болған  40 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйдің пластик терезелерін сындырып, зергерлік бұйымдар, техникалық заттар, велосипед пен «Lenovo» ноутбугін және ұялы телефондарды қолды еткен. Ұрланған заттарды бас пайдасына жаратып, сатып жібергені белгілі болды. Жалпы келтірілген материалдық және мүліктік шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуықтайды.

Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Танысын бопсалаған

Қызылордада танысын қорқытып, бопсалаған күдікті қамауға алынды.

Полицияға 22 жастағы бикеш танысы­ның өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалағанын  айтып, арызданды.

Аталған дерек бойынша Қызылорда облысы полиция департаменті ұйым­дасқан қылмысқа қарсы күрес басқар­ма­сының қызметкерлері және Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп, же­дел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нә­­­тижесінде 28 жастағы облыс тұрғынын ұс­талды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қа­мауға алынды.

21 жастағы күдікті ұсталды

Қызылордалық полицейлер ұрлық және алаяқтық қылмысына күдікті деп танылған 21 жастағы азаматты ұстады.

Оқиға қала аумағындағы түнгі клубтар­дың бірінде болған. Күдікті пластик те­резені сындырып, 5 кальян аппаратын және бір қара түсті «Asus Netro» ноутбугін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі – 750 мың теңге.

Сонымен қатар, күдікті танысының телефонын сұрап алып, банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы 100 мың теңге көлемінде заттай несие рәсімдеп, қолма-қол ақшаға аударып алған.

Күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алтын алқа қолды болды

Қаладағы екі зергерлік дүкенде ұрлық дерегі тіркелді.  Жәбірленушілер сауда жасап тұрған уақытта ұры оңтайлы сәтті пайдаланып, 2 алтын алқасын ұрлап  кеткен. Келтірілген материалдық шығын – 300  мың теңге.

Қалалық криминалды полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқа­сында бұрын сотты болған 29 жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Қазір аталған дерек бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<