Құқық құрығы

476

0

Екі келіге жуық есірткі алып жүрген

«Қарасора» іс-шарасына жұмылдырылған облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Нағи Ілиясов ауылы тұсында «Шымкент-Самара» тас жолының 1756-шақырымында жол ережесін бұзған «Лада» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктен 1 ұңғылы, 12 калибрлі, «МР-155» шолақ мылтық, 4 патрон және пакеттерге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік зат екі келіге жуық кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.

Автокөлікті тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші және 30 жастағы жолаушысы Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Заңсыз қару сақтаған

Аймақта заңсыз қару сақтаған тұрғын анықталды. Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Аманөткел елді мекені тұрғынының мекенжайын тексерген.

Тексеру барысында ІІО-да тіркеуде жоқ, 2 ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығы анықталған. Аталған дерек бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<