Құқықтық оқыту өтті

457

0

Фото: Қызылорда ассамблеясы

Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ұлтаралық экстремизм мен сепаратизм көріністерінің алдын алу» тақырыбында құқықтық оқыту өтті. Оқытуға мекеме қызметкерлері мен этнос өкілдері, «Ассамблея жастар» ұйымының мүшелері қатысып, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов модераторлық етті.

Құқықтық оқытуды облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Шамдәулет Абдукаримов жүргізді.

– Негізінен алаяқтардың барлық веб-ресурстарды қолдана алатыны және жалған парақшалар жүргізетіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда, интернеттің қыр-сырын өте жақсы біледі. Ал талай жыл маңдай терімен тапқан табысын оңай олжаға кенелгісі келетіндердің қолына ұстата салуды ешкім де құптамайды. Қазіргі кезде түрлі әлеуметтік желілерден интернет алаяқтықтың құрбаны болғандар туралы жиі байқап жүрміз. Олардың жариялаған шағымдары да жұрт назарын өзіне аударуда. Шынында да, қазір оңай олжаға кенелгісі келетін, қиналмай-ақ қаражат табуды мақсат еткен алаяқтардың қаптап кеткені рас. Көбінесе мұндай деректер банк карталары мен есепшоттардан қаражат ұрлаумен, азаматтардың жеке деректерін алаяқтық жолмен пайдаланумен, тауарларды сату немесе тиісті қызметтерді көрсету туралы хабарландырулар берумен, сондай-ақ ақшаны пайдалы бизнеске салу туралы жарнамалармен байланысты да орын алады. Олардың құрған қақпанына түсіп қалып, артынан аһ ұрып жатқан қарапайым халық саны күрт өсті. Бұл ретте біз, полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға шақырамыз, – деді.

Оқытуда мекеме қызметкерлері мен этнос өкілдері толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<