«Құқықтық тәртіп» – алдын алудағы тиімді тәсілдің бірі

592

0

 23-29 тамыз аралығында Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің  учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық шарасын өткізуде.

Оның басты мақсаты – бас бостандығынан айырумен байланысты  емес жаза түріне сотталғандар тарапынан  жасалатын құқық бұзушылықтардың  және қайта қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу.

Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Г.Жылқаманованың айтуынша,  қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 517 сотталған есепте тұр.

«Құқықтық  тәртіп» РПШ өткізу кезінде сотталғандармен олардың тұрғылықты жері бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қоса қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандарға ерекше назар аударылуда.Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Олардың әрқайсысы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген сотталған адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары да жүргізілуде.

Жаза өтеуден қасақана жалтарған  бір сотталғанға қатысты сынақ мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу туралы, тағы бір сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыныстар жолданды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<