Құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізді

338

0

Фото: автордан

Пробация есебіне алынған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, қылмыстың алдын-алу мақсатында пробация есебіндегі тұлғалармен жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Қызылорда қалалық пробация қызметі сотталғандарды әлеуметтендіру, құқықтық көмек көрсету, мәдени спорттық шараларға тарту бағытында жұмыстарды атқарады. Қайта қылмыстың алдын-алу мақсатында пробация есебіндегі тұлғалармен кездесу өтті.

Аталған шараға Қызылорда қалалық прокуратурасының прокурордың аға көмекшісі Жоспаров Алихан, Жұмыспен қамту орталығынан Б.Садиков, Аудандық емхананың психологі Ж.Искаков, наркологі Д.Рахманов, Білім бөлімінен қамқоршы С.Алдабергенова қатысты.

Кездесу барысында есептегі азаматтарға жаза өтеу тәртібі мен талаптары, міндеттері мен жауапкершілігі және құқықтары түсіндіріле отырып, қайта қылмыс пен құқық бұзушылыққа бармау жөнінде түсіндірілді.

Кездесуге қатысқан сотталғандар өздерінің көкейінде жүрген мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<