Құралай – халықаралық ән байқауының жеңімпазы

5400

0

*сурет ашық дереккөзден алынды

Құралай Мейрамбек Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен «Golden Time Talent» атты халықаралық таланттар фестивалінде І орын иеленді.

Сыр сандуғашы эстрадалық ән мектебінің өкілі. Өнер өлкесінің дарынды перзенті, Қорқыттан мұра болған саз-сарынды әлем сахналарында әуелетіп жүрген әнші.

Ол – отбасының төртінші перзенті. «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Жастайынан халық аспаптарын тыңдап, өнерге құштар болып өскен. Құралайды кішкене кезінен әкесі Мейрамбек Әбдуллаев әнге баулыған.

Жас әншінің ата-анасы Сырдария ауданы Амангелді ауылындағы өнер мектебінде дәріс беріп, туған жердің талантты жастарын тәрбиелеп келеді. Отбасының тұңғышы Гүлзат Әбдікәрімова – бүгінде ел сүйіп тыңдайтын «Қоңыр» тобының әншісі. Одан кейінгі Ұлпан Әбдікәрімова – «Шабыт» ұлттық өнер академиясы колледжінде оқытушы. Италияда консерваторияда оқуын жалғастырып, магистратурасын бітірген. Үшінші перзенті Бақдәулет болашақ дәрігер болғанымен, ол да өнерден алыс емес, бірнеше байқаулардың жеңімпазы. Шаңырақтың кенжесі Дулат Әбдікәрім бүгінде «Шабыт» ұлттық өнер академиясы колледжінде 2 курс оқиды.

– Құралай осы халықаралық байқауда «listen» атты ән орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қазақстан атынан жалғыз өзі қатысып жеңімпаз атанды. Бұл – еліміздің мерейі, – дейді продюсері Манарбек Абаев.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<