Құрбандар рухына тағзым

445

0

Сыр елінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған арнайы іс-шаралар өткізілді.

Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев зиялы қауым өкілдерімен бірге Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткішке гүл қойып, тағзым етті. 

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров, зиялы қауым өкілдері, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық жұмысшы топ өкілдері және тарихшы-ғалымдар, қала тұрғындары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХ ғасырдың 1920-1950 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңын ел тарихындағы қасіретті кезең деп бағалады. Осы мақсатта саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Мұндай комиссиялар өңірлерде де жұмыс жасап, құпия қорларда зерттеу жүргізуде.

Жұмысшы топ облыстық полиция департаменті мұрағатында ақтауға жатпайтын азаматтардың қылмыстық ісі бойынша 499 адамға  қатысты, 263 дана  қылмыстық іс-құжатты қарауда. Сондай-ақ,  Германияда әскери тұтқында болып, елге қайта оралған бұрынғы КСРО  азаматтары туралы 418 адамға қатысты іс-құжат назарға алынған.

Мұнан кейін облыс басшысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына құран бағыштады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<