Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қазақстан құтқарушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, ІI дәрежелі «Айбын» орденімен 2, «Құрмет» орденімен 3, «Ерлігі үшін» медалімен 8, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен 1, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 2, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам марапатталды.
Сонымен қатар 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<