Сыр еліне қатысты тағы бір жағымды жаңалық жетті. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаровқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Ол – мемлекеттік қызметте жүргеніне қарамастан, шығармашылықтан қол үзбей, журналистік жұмыстары мен ғылыми зерттеулерін үзбей жалғастырып келе жатқан қаламгер.
Жерлесіміз әрі белсенді авторымыз Бауыржан Жұмаханұлын жаңа жетістігімен құттықтаймыз!
«Сыр бойы» газетінің ұжымы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<