Сіздерді 18 наурыз күні Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесіне шақырамыз.
Жәрмеңкеде Қызылорда қаласының тауарөндірушілері мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан төмен бағада сатылады.
Жәрмеңкенің өтетін мекен жайы:
1. Шанхай шағын ауданы (Жанқожа батыр мен Құлтекенов көшелерінің қиылысы)
2. «Мерей» шағын ауданы (Журба көшесі мен Саламатов көшелерінің қиылысы)
3. Астана даңғылының бойы (Жеңіс көшесі)
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында өткізілетін мерекелік жәрмеңкелер барлық аудан орталықтарында жалғасады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<