Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құқық қорғау органдары басшыларымен бірге Жаңақорған ауданында 18 қазан күні сағат 9.00-12.00 аралығында М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді.
Сондай-ақ, Хорасан ата көшесіндегі демалыс паркінде сағат 12.30-да халықпен кездесу өткізеді.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және аудан әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру арқылы жүргізіледі.
Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта нақты көрсетілуі қажет.
Қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242) 40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондары арқылы білуге болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<