Құрылыс нысандары бақылауда

142

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек бірқатар нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Төретам кентіндегі табиғи газ тарту жобасын бақылап, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылады. Бұл жоба кент тұрғындарына экологиялық таза отынды пайдалануға мүмкіндік беріп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға себеп болуда.

Одан кейін, аудан әкімі Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болды. Құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына ерекше көңіл бөліп, тұрғын үй мәселесін шешу – басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сапар соңында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарын көрді. Бұл орталық өңірдегі рухани-мәдени дамуды қолдауға бағытталған және оның құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындар үшін маңызды мәдени орынға айналады деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<